Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дəстүрлі Əдеби жыл қорытындысына арналған жиын баст...
Ақтауда қаза тапқан спортшы туралы бапкері айтып берді
Фото: Тасым Жаңай
Nomad MMA турнирінде қаза тапқан спортшы, он жеті жасар Қанат Ахунов кикбоксингтен әлем чемпионы болған.
Оның жаттықтырушысы Эльвин Агаев қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Спортшы бапкерге үш ай бұрын жаттығуға келген. Талай жарыстан жеңіспен келген чемпионды ол ойланбастан алған, деп хабарлайды madeniportal.kz, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
"Мен ешкімге мұндай жағдайға тап болуды тілемеймін. Бұл үлкен трагедия. Ол менімен үш ай бойы айналысқан және ешқашан денсаулығына шағымданбаған еді. Оның туыстарының ешқайсысы маған келіп, оның денсаулығына шағымданған жоқ. Ол кикбоксингтен әлем чемпионы болды. Ол бұрын спорттан үзіліс алған. Үш ай жаттығу жасағаннан кейін ол турнирге қатысуды өтінді. Оның дайындығы өте жақсы, бабында болды", - дейді Элвин Агаев.
Жаттықтырушы кеше, 31 наурызда спортшының көңіл-күйі көтеріңкі болып, тек жеңіске дайындалып жүргенін айтты.
"Бірінші жекпе-жекте ол қарсыласын 20 секундта мерзімінен бұрын жеңді. Екінші жекпе - жекте шықты, бірақ бірінші раундта назар аудардым-бірдеңе дұрыс емес еді. Ол жүрегі айнып тұрғанын айтып, аузына киген қорғаныш құралын шешіп алды. Мен оған су ішкізіп, үстіне де құйдым. Екінші раундқа барар алдында одан бәрі жақсы ма, жекпе-жекті жалғастыра ала ма екеін сұрадым. Ол: "бәрі жақсы" деп жауап берді. Ол үш рет дем алып, кілемге шықты. 20-30 секундтан кейін құлады", - деді жаттықтырушы.
Эльвин Агаев барлық спортшылар турнир алдында медициналық тексеруден өтетінін атап өтті.
"Турнирге қатысқан медицина қызметкерлері спортшыға көмектесуге тырысты. Жедел жәрдем шақырылғаннан кешікпей турнирге келді, сәл кейінірек реанимациялық бригада да жетті. Бірақ чемпионды құтқару мүмкін болмады", - деп атап өтті бапкер.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 31 наурызда "Батыр"спорт кешенінде болған. 17 жастағы спортшы Nomad MMA турнирі кезінде қайтыс болды.