Астаналық әйел үй ауласынан тауып алған банк картасындағы ақшаға азық-түлік алып, емін-еркін жұмсаға...
Ташкенттің жігіттеріне пранк жасаған қазақ қызының ісі сотқа жолданды
Фото: Видеодан кадр
1309
Ташкент метросында пранк жасап көзге түске блогер жасаған іс-әрекеті үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Аружан Айбекова Өзбекстанда жасаған пранкі үшін Алматы полициясының алдында жауап берді.
«Полиция қызметкерлері қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеру жүргізді. Азаматша Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған», - деп хабарлады ведомство.
Блогерге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалыпты. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілген.