Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан стюардессаның отбасын алаяқтар тонап кетті

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3808

Алаяқтар Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының стюардессасы Хокума Алиеваның отбасының банк картасынан 25 миллион теңге ақша ұрлап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Марқұм стюардессаның әкесі Киберқылмыспен күрес бас басқармасына арызданған. Алаяқтар 80 507 манат, яғни 25 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған.

Әкесінің айтуынша, ұрланған қаражат Хокума Алиеваның қайтыс болуына байланысты сақтандыру төлемі мен өтемақыдан қалған ақша.

Айтуларынша, алаяқ өзін «Kapital Bank» қызметкерімін деп таныстырып, стюардессаның ата-анасын картаның деректемелерін беруге көндірген. 

Әзербайжан Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес жөніндегі бас басқармасы Хокума Алиеваның отбасынан ұрланған ақшаның қайтарылғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер анықталды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...