Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайынд...
Ақтөбе облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі өлі күйінде табылды
ашық дереккөз
Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановның мәйіті табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 4 мамырда ол қызметтен кету туралы өтініш жазған, ал 5 мамырда оны лауазымынан босату туралы бұйрыққа қол қойылған.
6 мамыр күні таңертең Серікжанов Кеңқияқ ауылындағы өз үйінде өлі күйінде табылған.
Облыстық полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.
«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомство.
Белгілі болғандай, Қуанышбек Серікжанов мемлекеттік қызметте 2013 жылдан бері жұмыс істеген, ал ауылдық округ әкімі қызметін 2023 жылдан бастап атқарған.