Тұңғышбай Жаманқұлов ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1540

Белгілі актер әрі ұстаз Тұңғышбай Жаманқұлов Байқоңырдың бұрынғы атауы туралы естігенде ерекше әсерде қалғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Актердің сөзінше, ол жақында Байқоңыр қонысының ең алғашқы тарихи атауын білген.

"Жақында Байқоңырдың ел болған алғашқы атын естідім. Төбе шашым тік тұрды. Байқоңырдың бұрынғы аты – Жеркіндік. Сол жерден космосқа ұшып жатыр", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Тұңғышбай Жаманқұлов "Жеркіндік" атауының өзі қазақ халқының терең даналығы мен көрегендігін айқын көрсететінін атап өтті.

Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік актердің ойына қолдау білдірді.

"Бұл кісілер сөйлегенде тыңдай бергің келеді, сөздің парқын біледі", "Жеркіндік деген қандай әсем атау, білгенге – маржан", "Қазақтың жері тегін емес, бәрі біздің топырақта басталғандай", "Бабаларымыздың даналығына бас иеміз, қазақ болғаныма шүкір", – деген секілді мақтау мен ризашылыққа толы пікірлер көп болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...