Алматыда жол ортасында намаз оқыған адам жауапқа тартылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2357

Алматыда жол ортасында намаз оқыған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бейнежазбадан ер адамның дәл жолдың үстінде, көліктің артында намаз оқып тұрғанын көруге болады.

Алматы қаласының полиция департаменті ер адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Оның жеке басы анықталып, тиісті әңгіме жүргізілді. 

"Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Жолға шығып намаз оқыған Алматы тұрғыны көлік қозғалысына кедергі келтірді. Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізді. 1992 жылы туған азамат С. жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...