Ауғанстан 58 пәкістандық сарбазды атып тастап, 25 бекетті басып алды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1439

Сенбіден жексенбіге қараған түні Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қақтығыстар болды. Ауған тарапының мәлімдеуінше, нәтижесінде 58 пәкістандық сарбаз қаза тауып, тағы 30-ы жараланған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Пәкістан армиясының 25 бекеті басып алынғаны айтылды. Бұл туралы Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Кабулдегі баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Ауғанстанның барлық ресми және бейресми шекарасындағы жағдай толық бақылауда. Заңсыз әрекеттердің басым бөлігіне жол берілмей отыр", - деді Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы.

Анықтама: Пәкістан мен Ауғанстан Дюранд сызығы деп аталатын шекараны бөліседі, оны Кабул ресми түрде мойындамайды. Дюранд сызығы - Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы ұзындығы 2640 шақырым, іс жүзінде толық белгіленбеген шекара. Ол Ұлыбритания британиялық Үндістанды кеңейтуге тырысқан екі англо-ауған соғысының нәтижесінде пайда болды. Бұл сызық - 1893 жылы ауған әмірі Абдуррахман мен үнді отарлық әкімшілігінің хатшысы сэр Мортимер Дюранд арасындағы келіссөздердің қорытындысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...