Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қызметінен босатты, деп хабарлады...
Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығына байланысты үйінде дауыс берді
Фото: әлеуметтік желі
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауында денсаулығына байланысты үйінде дауыс берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы экс-президенттің ресми сайты хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев жақында бел омыртасына ота жасатқан. Операциядан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты ол сайлау учаскесіне бармай, өз дауысын үйінде берген.
«Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Тұңғыш Президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жылға жуық басқарды. Ол 2019 жылғы 19 наурызда президенттік өкілеттігін тоқтатқан. Биыл оның қызметтен кеткеніне жеті жыл толды.