Оралда көпқабатты үйдің төбесінен екі жасөспірім құлап, көз жұмды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
569

Орал қаласында көпқабатты үйдің төбесінен құлап кеткен екі жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде оқиғаның толық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығы мен облыс прокуратурасының бақылауында. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қаза тапқан жасөспірімдердің бірі 16, екіншісі 14 жаста.

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Аян Өтепберген Испанияда өткен халықаралық кинофестивальде “Үздік актер&rdq...

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...