Жамбыл облысының білім басқармасы ағайындылдардан 6 жыл бойы зорлық көрген 12 жастағы қызға қа...
«Адамдар қаза тапты»: Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылды
Фото: freepik
521
16 қаңтарға қараған түні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 383-шақырымында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong маркалы автобус Ақтаудан Бейнеу бағытына қарай жүрген. Жүргізуші көлікті басқара алмай, нәтижесінде автобус аударылып кеткен. Салонда 50 жолаушы болған.
Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.