Астанадағы алапат өрт 200 отбасыны баспанасыз қалдырды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1789

9 сәуір күні таңертең Астанада алты қабатты отбасылық жатақхана өртенді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Өрт елорданың Сарыарқа ауданындағы Буланты көшесінде орналасқан ғимаратта болған.

Алтыншы мансард қабатындағы бөлмелер жанып кеткен.

Жалын 1 600 шаршы метр аумаққа таралған. Құтқарушылар ғимараттан 50 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады.

Жатақханада 200-ден астам бөлме бар, тұрғындарды уақытша мектептің спорт залына орналастырды.

Алайда олардың кейін қайда баратыны әзірге белгісіз.

Өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...