Ер адамның жездесіне жасаған ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2996

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ер адам бұл әрекетін мойындады.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды”, - делінген хабарламада.

Күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.