Ақтөбедегі жарылыс: Жанармай бекетінің басшысы ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
602

Ақтөбедегі жанармай құю бекеттерінің бірінде болған жантүршігерлік жарылыс салдарынан үш адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың екеуі – балалар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жанармай бекетінде тұрған Honda маркалы автокөліктің өртенуінен басталған.

«Оқиға салдарынан үш адам, оның ішінде екі кәмелет жасына толмаған бала қаза тапты. Тағы бір адам ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ полиция жанармай бекетінің иесінің ұсталғанын мәлімдеді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған. 

Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық пр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылы алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізілетін «Тұмар» және «Үркер...