Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Фото: adilet-partiyasy.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
438

Бүгін елордада «Әділет» саяси партиясының ІІ съезі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Басқосуға партия делегаттарымен қатар қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар мен сарапшылық орталардың өкілдері қатысуда. Съезд барысында партияның алдағы кезеңге арналған саяси бағыты, ұйымдық дамуы және елдегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланбақ.

Партия өкілдерінің мәліметінше, жиын аясында өңірлік құрылымдардың жұмысын жетілдіру, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған бастамаларды іске асыру және партияның стратегиялық міндеттерін нақтылау мәселелері қаралады. Сондай-ақ делегаттар бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылдайды деп күтілуде.

Еске сала кетейік, «Әділет» партиясының құрылтай съезі биыл 7 мамырда өткен болатын. Оған Қазақстанның барлық өңірінен мыңға жуық делегат қатысып, партияның жарғысы мен бағдарламасы бекітілген еді. Кейін, 1 маусым күні партия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми мемлекеттік тіркеуден өтті.

Партия өз қызметінде заң үстемдігін нығайту, әділеттілік қағидаттарын ілгерілету, өңірлерді қолдау, адами капиталды дамыту және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарына басымдық беретінін мәлімдеген. ІІ съезд осы мақсаттарды жүзеге асырудың келесі кезеңін айқындайтын маңызды алаң ретінде қарастырылып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыртқы істер министрлігі Грузия мен Индонезияға сапар жоспарлаған азаматтарға осы елдердегі көші-қон...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпкер Айдын Рақымбаев Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Құлынжон ауылынан өзі...