Қарағандыдағы полицияның тірек пунктінен қыздың мәйіті табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1359

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы полицияның тірек пунктінен қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Liter.kz жариялады. Полицияның бір тірек пунктінен азаматшаның мәйіті табылған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда.

«Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Жағдайды объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, сондай-ақ қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекеттер мұқият тергеліп, кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын», – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...