Тоқаев Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1373

Мемлекет басшысы бүгін, 24 қазан күні бір топ қоғам қайраткерлерін марапаттады. Оның арасында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов та бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тоқаев Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

«Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, шілде айының соңында Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшыраған еді.