Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
192

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кету туралы өтініш жазғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, бұл рәсім ел Конституциясының 158-бабына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Пашинян үкіметтің отставкасы туралы құжатқа қол қойып, оны президент Ваагн Хачатуряндың қарауына жіберген. Енді мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отставкасын ресми түрде қабылдауы тиіс.

Жаңа үкімет құрылғанға дейін қазіргі министрлер кабинеті өз қызметін жалғастыра береді.

Сондай-ақ Пашинян парламенттегі көпшілік күштердің бүгін президентке премьер-министр лауазымына жаңа кандидат ұсынатынын айтты. Армения Конституциясына сәйкес, мемлекет басшысы парламент көпшілігі ұсынған үміткерді кідіріссіз премьер-министр қызметіне тағайындауы қажет.

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android 5.0 және 5.1 Lollipop нұсқасындағы смартфондарды қолдауды то...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны...