ҚазҰУ-де бірінші курс студенті 14-қабаттан секіріп кеткен

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
757

Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық университетінің бірінші курс студенті өз өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды  MADENIPORTAL.KZ

Бұл туралы informburo.kz жазды.

Алматы қаласының полициясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры ғимаратының терезесінен құлап кеткен қыздың қаза болғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болуы мүмкін.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, қыз университеттің бірінші курс студенті болған. Ол 14-қабаттан секірген.

«Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдын ала деректерге сүйенсек, полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз», – деп атап өтті департамент өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...