Павлодар облысында баласын аштан өлтірген ана 1 жылға сотталды

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
3424

Екібастұзда сегіз айлық баласына тамақ бермей, аштан қатырған әйел сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

агенттіктің хабарлауынша, Шідерті кентінің тұрғыны сотта кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді.  Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен, басқа да құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. 

Сотталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Ал әйелдің қалған екі баласы мемлекет қамқорлығына өтіп, өзі ата-ана құқығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...