Индонезияның Калемпанг ауылының тұрғын әйелі із-түзсіз жоғалып кеткен. Біраз уақыттан кейін іздеушіл...
10 млрд теңге талап еткен: Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция шешімі шықты
ашық дереккөз
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотталған Шерхан Аймаханға тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды. Сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шерхан Аймаханға қатысты істі апелляциялық тәртіпте қарады.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот оны кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан 25 млн теңге моральдық зиян және адвокат қызметіне жұмсалған 5 млн теңге өндіру туралы шешім шығарылған.
Алайда бірінші сатыдағы сот үкімімен екі тарап та келіспей, апелляциялық шағым түсірген.
Жәбірленуші тарап моральдық зиян көлемін 25 млн теңгеден 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған. Ал сотталғанның адвокаттары Шерхан Аймаханды Қылмыстық кодекстің 125-1-бабының 1-бөлігі – сталкинг бойынша ақтап, әрекетін ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі – адам өлтіру бойынша саралап, басқа жаза тағайындауды сұраған.
Прокурор бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырмауды сұрады.
Істі қараған сот алқасы бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісті.
24 қыркүйекте қабылданған қаулыға сәйкес, Шерхан Аймаханға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Осылайша оған тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы заңды күшіне енді.