«Қазақтың жыры - мұратым!» атты әдеби-сазды кеші өтеді

ӘДЕБИЕТ
3380


ҚР Мемлекет басшысы Нүрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Ел ордасы - Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында 3 қазан сағат 17:00-де ҚР Ұлттық Музейінде республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Жас дәурен» жыр жинағының авторы, ұстаз, бүгінгі таңда Ішкі істер органдарының полиция қызметкері Бекмұрат ӨМІРБЕКТІҢ «Қазақтың жыры - мұратым!» атты әдеби-сазды кеші өтеді.



Кеш барасында «Шабыт» өнер университетінің студентері мен мектеп оқушылары өнер көрсетеді. Сонымен қоса, ақынның сөзіне жазылған жаңа әндер орындалады.


Кешке белгілі ақын-жазушылар Алмахан Мұхаметқалиқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Қарағызұлы, Махат Садық, Қанат Жүнісов, Ербол Бейілхан, әнші-сазгер Марат Омаров, Ибрагим Ескендір, Жәнібек Боранбаев, Қанат Едресов, Жұмағазы Какимжанов сынды өнер майталмандар қатысады.


Кеште ақынның «Қазақтың жыры – мұратым» атты жыр кітабының тұсаукесері болады.



ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда күтіліп отырған аптап ыстыққа байланысты тұрғындарды күн өт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында Астана – Петропавл тас жолында болған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты...