Аспалы көпір үзіліп, 5 адам көз жұмды

Фото: Xinhua News

ЖАҢАЛЫҚТАР
1217

Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысына қарасты Моңғолкүре ауданында аспалы көпір үзіліп, 5 адам қаза болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ The Paper-ге сілтеме жасап. 

Ақпарат құралының жазуынша, қайғылы оқиға 8 тамыз күні сағат 16 шамасында болған. Шаты туристік аймағының аумағындағы аспалы көпірдің қос арқанының бірі үзіліп, көпір беті бір бауырына қарай қисайып қалған. Салдарынан 29 адам көпірден өзен арнасына құлаған. 5 адам оқиға орнында қаза болып, 22 адам жеңіл жараланған, тағы 2 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, жаралы жандардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Іле облысы мен Моңғолкүре ауданының билігі шұғыл шара қолданып, оқиға орнына құтқарушылар мен медициналық қызметкерлерді тізгін ұшымен жіберген. Зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, туристерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 

Оқиғадан кейін Шаты туристік аймағы уақытша жабылды. Апаттың себебі анықталып жатыр. 
Ашық дереккөзден белгілі болғандай, Шаты туристік аймағы Іле қазақ автономиялық облысының Моңғолкүре ауданындағы Шаты қырғыз ұлттық ауылының аумағында. Жер ауданы 65 шаршы шақырым. Тяньшань тауын көктей өтетін ежелгі көш жолымен бүкіл Қытайға белгілі. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...