Алматыда екі қабатты қойма өртеніп жатыр

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1020

 Қазір ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласының Жетісу ауданындағы екі қабатты қоймада шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомство мәліметінше, екі қабатты қоймадағы өртке байланысты жедел штаб құрылды.

— Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру үшін 3 бөлек бағыт ұйымдастырылған. Су үздіксіз беріліп, өртке қарсы құралдар қолданылуда. Барлық шұғыл қызметтер сол жерде жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.

Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-ның өрт автопойызы жұмылдырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...