Shoqan негізін қалаушы Борат жарнамасы үшін кешірім сұрады

Әл. желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
156

Қазақстандық ерлер киімі бренді Shoqan-ның негізін қалаушы Ұлықбек Шәріпов Борат бейнесі қолданылған жарнамалық ролик үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, дее хабарлады MadeniPortal.kz

Кәсіпкер қазақ тілінде видеоүндеу жасап, жауапкершілікті өз мойнына енді ғана алды. Ал әлеуметтік желі қолданушылары брендті бойкоттауға шілде айының соңында-ақ шақырған болатын.

Әлеуметтік желілердегі наразылыққа осы жылдың ақпан айында түсірілген жарнамада Борат бейнесінің қолданылуы себеп болды. Алайда кәсіпкер сынға бірден жауап бермей, ұзақ уақыт бойы үнсіз қалды.

Біраз уақыттан кейін Шәріпов видеоүндеу жасап, не себепті кешірім сұрауға бірден шықпағанын түсіндірді.

«Мен Таразда туған, Shoqan брендінің негізін қалаған қарапайым қазақ жігітімін. Алғашқы реакцияның басылғанын күттім. Бүгін сіздердің алдарыңызда тұрмын және шын жүрегіммен кешірім сұрағым келеді. Ең алдымен, біздің брендтің атынан шыққан ролик үшін кешірім сұраймын», — деді Ұлықбек Шәріпов.

Кәсіпкер мұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын және алғашқы күндері оған қалай дұрыс әрекет ету керектігін білмегенін мойындады. Сондай-ақ бастапқыдағы әрекеттерінің дұрыс болмағанын атап өтті.

«Мен өз қателігімді түсіндім. Қазақ халқына, мемлекеттік тілге, мәдениетімізге немесе елімізге құрметсіздік таныту ешқашан ойымда болған емес. Алайда бұл видео көптеген адамның көңіліне тигені үшін кешірім сұраймын», — деді Shoqan негізін қалаушы.

Сонымен қатар ол командасының жұмыс тәсілін қайта қарағанын айтып, мұндай жағдайдың бұдан былай қайталанбайтынына уәде берді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық ерлер киімі бренді Shokan Suits төңірегінде жанжал туындаған болатын. Әлеуметтік желілерде жігіттің Борат бейнесіне енген ескі ролигі қайта тарады. Желі қолданушылары брендті Қазақстан туралы қорлайтын стереотиптерді насихаттады деп айыптап, компаниядан бұл жағдайға қатысты көпшілік алдында түсініктеме беруді талап етті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда қонақүйдің екінші қабатынан құлаған бес жасар бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында жүк көлігі мен мотоциклдің қатысуымен адам өлім...