Астана күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1769

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың шілдедегі демалыс күндері белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Биыл 6 шілде жексенбіге сәйкес келіп тұр. Еңбек кодексіне сәйкес мереке демалыс күнімен қабаттасса қосымша демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осыған орай 7 шілде дүйсенбі ресми түрде демалыс күні болып есептеледі.

Бес күндік жұмыс кестесімен істейтіндер 5, 6 және 7 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндер 6 және 7 шілде екі күн демалады. 5 шілде - жұмыс күні.

Сонымен қатар шілде айының жалпы демалыс күндері:

Бес күндік жұмыс кестесінде істейтін азаматтар 9 күн демалады: 5, 6, 7, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 шілде.

Алты күндік жұмыс кестесіндегі азаматтар 5 күн демалады: 6, 7, 13, 20 және 27 шілде. 

 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...