Сәуірдің 3 күні Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ирандық қолөне...
Алматы облысында экс-полицей көлікпен бала қағып, қашып кетті: Тың дерек
Фото: Видеодан кадр
896
4 шілде күні Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі кері қозғалып келе жатып, велосипедпен келе жатқан алты жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Оқиғадан кейін жүргізуші зардап шеккен балаға көмек көрсетпестен, оқиға орнынан қашып кеткен. Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы мен оқиға орнын тастап кету дерегі бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу бастады.
«6 шілде күні көлікті басқарған 42 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полиция.
Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат бұған дейін ішкі істер органдарында қызмет еткен, алайда теріс себептермен жұмыстан босатылған.