Астанада автобус апатының салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілді

Фото: Алтынай Сағындықова/ Kazinform

ЖАҢАЛЫҚТАР
1471

21 ақпанда автобустың бағанаға соқтығысуы салдарынан 15 адам елордадағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Тексеру нәтижесінде 8 адам дәрігерлердің ұсынысымен амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді.

— 7 науқас емделу үшін ауруханаға жатқызылды, оның төртеуіне операция жасалды. Барлық науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында және толық көлемде қажет ем-дом алады, - делінген таратылған мәліметте.
Ал автобус жүргізушісіне операция жасалып, қазір оның жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты. Ол жарақаттар бөліміне ауыстырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жараланғанын жазған едік.

Автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...