Бүгін, 29 наурызда Күннің тұтылуы болады

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1691

2025 жылдың 29 наурызы, сенбі күні солтүстік жарты шардың тұрғындары күннің жартылай тұтылуын бақылай алады. Ай бірнеше сағат бойы күн дискісінің бір бөлігін «шағып», аспанда таң қалдыратын көрініс жасайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Мәскеу планетарийінің деректеріне сілтеме жасап. 

Ғалымдардың болжамы бойынша, күн тұтылуының максималды фазасы 94 пайызды құрайды. 

"Мұны Астана уақытымен сағат 15:49-да Гудзон шығанағы аймағында жақсырақ көруге болады. Бірақ бұл құбылысты тек канадалықтар ғана тамашалап қоймайды - тұтылу Солтүстік Америкада, Еуропада, Ресейдің солтүстік-батысында және Африканың кейбір бөліктерінде байқалады", - делінген планетарий хабарламасында. 

Астрономдар тұтылу Балықтар шоқжұлдызында орын алатынын және шамамен төрт сағатқа созылып, Астана уақытымен 17:44-те аяқталатынын атап өтті.

Қазақстандықтар бұл ғарыш шоуын тікелей эфирде көре алмайды, бірақ астрономдар мен фотографтар әсерлі кадрлармен желіде бөлісетіні сөзсіз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...