Фото: АқордаПрезидент жаңа тағайындалған Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектеновті жаңа лауазымымен қ...
Астанада автосалон менеджері клиенттердің көлігін заңсыз иемденіп, сатып жіберген
Фото: Pixabay
424
Астанада автосалон менеджері клиенттердің көлігін заңсыз иемденіп, сатып жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жәбірленушілер өздеріне тиесілі «Changan CS55 Plus» және «Toyota Camry» автокөліктерін әрі қарай сату үшін автосалонға тапсырған.
«Сотталушы көлік иелеріне автокөліктерге сатып алушы табылғанын, ақшасы бірнеше күн ішінде аударылатынын айтып, көліктерді үшінші тұлғаның атына рәсімдеуге көндірген», - дейді Бас прокуратура.
Көліктер қайта рәсімделгеннен кейін сотталушы оларды сатудан түскен ақшаны өз қалауынша жұмсаған.
Салдарынан жәбірленушілерге жалпы сомасы 23 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.
Сот үкімімен сотталушы 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.
https://t.me/sputnik_aitady/36431