“Екі адам қаза тапты”: Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1917

UFC жауынгерінің Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған мәлімет бойынша, 27 шілдеде UFC жауынгерінің жұбайы Алматы - Екатеринбург тас жолында апатқа ұшыраған.

Гүлайым Рахмонова ұлы мен құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға "Toyota Land Cruiser" жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел көлікті басқара алмай қалған.

Оқиға орнында 39 жастағы жолаушы қаза тапты. 35 жастағы әйел Мойынқұм аудандық ауруханасына бара жатып қайтыс болды.

Рахмонова мен оның 3 жасар ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...