Ерлан Қарин оқуға ұсынған топ-10 кітап

Фото: Instagram/ erlankarin2019

ЖАҢАЛЫҚТАР
1000

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан Тынымбайұлы “Ұлттық кітап күніне” орай оқуға болатын топ-10 кітапты ұсынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ерлан Қарин  “Ұлттық кітап күні” биыл алғаш рет аталып өткенін алға тартты.

Мұның түпкі идеясы былтырғы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдан бастау алғанын да мәлімдеді.

"Кітап оқу өз алдына, қандай кітап оқу деген мәселе де өте маңызды дүние. Бұл ретте, кім нені оқып жатыр, мен не оқимын деген сұрақ алға шығады. Оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениеті де бар екенін білесіздер. Жазушыларымыздың да қолға түсе бермейтін кітапты бір-бірінен аттай қалап, сұрап, тіпті “сұрамай” алып жататыны туралы да естеліктер де аз емес. Мұның бәрі, түптеп келгенде, адамзаттың кітапқа құмарлығын ғана емес, кітапқа деген талғамын да көрсетеді”, - деп жазды ол.

Мемлекеттік кеңесшісі ақын Қалқаман Сариннің бастамасымен бастау алған әдеби эстафетаны Қайрат Жолдыбайұлы жолдағанын атап өтіп, оны жалғастырып жатқанын хабарлады.

“Мен де бүгін eGov арқылы сүйікті кітаптарымды ұсындым:

1. Абай. Қара сөздер жинағы;

2. Мағжан Жұмабаев. Өлеңдер жинағы;

3. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»;

4. Жыраулар поэзиясы. «Бес ғасыр жырлайды»;

5. Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»;

6. Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы»;

7. Әбіш Кекілбаев «Үркер»;

8. Дулат Исабеков «Қарғын»;

9. Максим Зверев «Кладовая чудес»;

10. Төлен Әбдік «Парасат майданы»”, - деп жазды Ерлан Қарин.