Астанада ер адам әйелін өлтіріп, өзі 25 қабаттан секіріп кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1756

Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінде жан түршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

36 жастағы азамат жанжал кезінде азаматтық некедегі әйеліне пышақ салып, артынша көпқабатты үйдің ең жоғары қабатынан секіріп кеткен. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген күдікті қазір тәртіп сақшыларының бақылауында.

Қайғылы оқиға 19 маусым күні күндіз болған. Пәтер ішіндегі жанжалға балалардың бірі куә болған. 33 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Екі ұл – 7 және 10 жастағы балалар анасынан айырылып қалды. Желіде тараған деректерге қарағанда, отбасылық жанжалдың түп-төркіні — қаржы мәселелері болуы мүмкін.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...