«Мұрны қанай беретін»: Рүстем Жаныманов тұңғыш ұлының дерті жайлы айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
607

Танымал медиа маман Анна Данченко әлеуметтік желіде актер Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүлдің екі жыл бұрын берген сұхбатынан үзінді жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бейнежазбада ерлі-зайыпты тұңғыш ұлы Нұрмұхамметтің ауыр дертпен 5-6 жыл бойы күрескенін айтып, сол кезде ауруды жеңдік деп сенгендерін жеткізген.

"Біздің қолымыздан келді. Көп профессорға апардық, мықты дәрігерлер барына көзіміз жетті. Айналамыздағылар бізге жол сілтеді. Солай көп ізденіп, нәтижеге жеттік. Отбасылар осындай жағдайда ажырасып кетеді екен. Әкелер жауапкершілікті әйелге ысырады. Бұл - сатқындық. Біз сынған жоқпыз. Бұл дертті жеңеміз деп сөз бердік. Баламыздың ауруын емдедік. Әуелі Алла, әрекет бізден. 5-6 жыл бойы осы дертпен күрестік. Түбінде махаббатымыз жеңіп, түбегейлі дертті жоқ қылдық", - деді Рүстем Жаныманов. 

Актердің жары Жанаргүл тұңғышының дерті өмірде көп нәрсеге үйреткенін алға тартты.

"Ешкімді айыптамаймыз. Басында мұрны қанай бастады. Оған көбі мән бермейді. Бәрінде солай болады ғой деп жүре бердік. Ал ол кезде балабақшағаға да беруге болмайды екен. Біз қате істеп, асқындырып алдық. Бірақ сол дертке рақмет айтқым келеді. Үлкен рухани даму болды, көп іздендік. Екеуміз де эгоист едік, қазір есейдік", - деп айтты актердің әйелі. 

Алайда тағдырдың ауыр сынына тап болған отбасы күні кеше орны толмас қайғыға душар болды. Актердің тұңғыш ұлы Нұрмұхамметтің өмірден өткені белгілі болды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы дүниеге келгеннен кейін бастан өткерген ауыр сынақтар...

Шоу-бизнес

Жұртшылыққа "Хан" деген атпен танымал белгілі асаба Қасым Өтешев қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 т...