Астанада көпқабатты үйдің төбесіне шығып, “секіремін” деп елдің мазасын алған жас жігіт қамауға алынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
203

Астанада сот көпқабатты тұрғын үйдің шатырында қоғамдық тәртіпті бұзған азаматқа қатысты әкімшілік іс бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz azattyq-ruhy-на сілтеме жасап. 

Оқиға 20 сәуір күні «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған. 18 жастағы қала тұрғыны шатырға шығып алып, «секіремін» деп елдің мазасын алған. Бұл сәт әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға орнына полиция мен құтқару қызметі жедел жетіп, жас жігітті қауіпсіз жерге түсірді.

Іс Астанадағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Сот мәліметінше, азамат сол күні алкогольдік мас күйде болған. Ол өз әрекетін жеке жанжалмен және эмоционалдық күйімен түсіндіріп, өз-өзіне қол жұмсау ниеті болғанын айтқан.

Сот оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, өз өміріне қауіп төндіргенін атап өтті.

«Көркем-3» тұрғын үй кешені аумағындағы бұл әрекет қоғамда алаңдаушылық туғызған.

Сот шешімімен азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бү...