БҚО-да ұшқан дрондардың қайдан келгені айтылды

Фото: ҚР СІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1188

19 және 20 маусым күндері Батыс Қазақстан облысының аумағында ондаған ұшқышсыз ұшақ аппаратының ұшқаны тіркелді. Бұл туралы ресми дереккөздерге сілтеме жасаған бірқатар БАҚ хабарлады. Ресей тарапының мәліметінше, бұл – украиналық дрондар, оларды Ресей аумағындағы нысандарға соққы беру мақсатында пайдаланылған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Бұл мәселе Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу арасындағы екіжақты кездесуде де талқыланған.

Біз бұл тақырыпты қозғадық. Қауіпсіздік және әскери саладағы тиісті құрылымдар бұл мәселе бойынша өзара байланыста екені айтылды. Қазақстандық әріптестеріміз Украина тарапымен өзара әңгімелесу барысында мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді, – деді Лавров журналистерге берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта Қазақстан тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бұл жағдай екі елдің арнайы қызметтерінің бақылауында. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...