900 мың теңге жалақым жетпейді – депутат

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
577

Депутат Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақының жетпейтінін, сол үшін жұбайынан жұмыс істеуін сұрағанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеп.

Журналистер Бақытжан Базарбектен жаңа Құрылтай жасақталса, депутаттардың жалақысын көтеруге қойылған мораторий алынуы мүмкін бе деп сұрады. Оның айтуынша, қазіргі экономикалық жағдайға байланысты бұл мәселені көтеру “онша орынды емес”.

Сонымен қатар Базарбек қазіргі жалақының өзіне жеке жеткіліксіз екенін мойындады. Сондықтан жұбайынан жұмыс істеуін сұрапты.

Ол мұны балаларға кететін шығындармен, үйірмелер ақысы мен бағаның өсуімен түсіндірді. Депутаттың сөзінше, кейбір әріптестерінің 5-6 баласы бар, ал тек үйірмелердің өзіне шамамен 300 мың теңге жұмсалуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...