«Бес адам жанып кеткен»: Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1583

Павлодар облысында полиция жантүршігерлік жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты,  деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала деректер бойынша 23 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда тасжолында, Байет ауылынан 5 шақырым жерде Toyota Lucida көлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Toyota көлігі өртенді", - деді полиция.

Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болу және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...