Шымкенттік 30 жасар келіншек оныншы сәбиін дүниеге әкелді

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2401

Шымкенттік келіншек Азиза Қалиева оныншы перзентін дүниеге әкелді.  1990 жылы туған көпбалалы ана ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанды, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Нәрестенің салмағы - 4900гр. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалды.

Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туылған 707 нәресте және 96 егіз бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...