Астанада «VIP нөмір» сатамын деген алаяқ ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
452

Астанада VIP мемлекеттік нөмір алып беруді және әкімшілік айыппұлдарды «өшіріп тастауды» уәде етіп, ақша алған күдікті ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті жазды.

Полиция мәліметінше, қала тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде елорданың бір ауданында 31 жастағы күдікті қолға түсті. Алдын ала деректерге сәйкес, ол өзін «мәселені шешіп бере алатын адам» ретінде таныстырып, VIP мемлекеттік тіркеу нөмірін алып беруге және айыппұлдарды «жоюға» көмектесемін деп сендірген. Осы сылтаумен жәбірленушіден шамамен 200 мың теңге алған. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушімен ортақ таныс арқылы байланыс орнатқан. Ақшаны қолына түсіргеннен кейін байланысын үзіп, ізін суытқан.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарға мемлекеттік нөмірлерді рәсімдеу мен айыппұлдарға қатысты барлық қызмет тек ресми мемлекеттік сервистер арқылы жүзеге асатынын ескертеді.

Полиция күмәнді делдалдарға сенбеуге және олардың өкілеттігіне көз жеткізбей ақша бермеуге шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...