Бүгін, 13 маусым қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Спортшы көзі тірі болғанд...
42 500 теңгелік төлемді рәсімдеуге арналған сайт ашылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайттың ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«42 500 теңгені алу бойынша халықтан көптеген сұрақ келіп жатыр. Egov.kz порталына көп адам кіре алмайтынын айтуда. Сол үшін осы күнге дейін келе жатқан Egov.kz порталындағы электронды өтініш сервисінде өтінішіңізді толтыруға мүмкіндік бар. Бұл жерде файлды тіркеу туралы талап алынып тасталады. Электронды өтінішке тек қана өзіңіз туралы мәліметті, жеке нөміріңіз бен карточкалық есепшотыңызды енгізесіз», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша, ЭЦҚ-мен қатар СМС арқылы пароль алып, өз қолтаңбаңызды қоюға болады. «Электронды үкімет порталына қазір көп адам кіре алмай жатыр. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БТС компаниясымен бірлесе отырып, 42500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашамыз. Ол сайтта азаматтар өз өтішінін қалдыра алады. Сайт ертең таңертең іске қосылады», - деді ол.