Алматы облысының Қарасай ауданындағы Тұрар ауылында бір топ жастардың қатысуымен көшеде төбелес болғ...
БЖЗҚ жаңа межелерді бекітті: салымшылар нені білуі керек?
Фото: Gov.kz
Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
2026 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу ақысын төлеу үшін жинақтарының бір бөлігін алу мүмкіндігі айтарлықтай шектелуі мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа талаптар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге бағытталғанымен, мыңдаған қазақстандықтың қаражатқа қол жеткізуін қиындатады.
Жеткіліктілік шегі – азаматтың зейнет жасына дейін шотында қалуы тиіс ең төменгі қаражат көлемі. Егер жинақ осы межеден асып тұрса ғана артық бөлігін пайдалану мүмкіндігі беріледі.
БЖЗҚ мәліметінше, жаңа есептеулер кезінде жылдық инвестициялық табыстылықтың 9 пайыздық деңгейі және болашақ зейнетақы төлемдерінің 8 пайыздық индексациясы ескерілген.
Мысалы, 30 жастағы азамат үшін жеткіліктілік шегі 9,75 миллион теңге болса, 40 жастағылар үшін бұл көрсеткіш 13,37 миллион теңгеге жеткен. Ал 60 жастағы салымшының шотында кемінде 22,5 миллион теңге қалуы қажет.