Қазақстанда бүгін Абай күні атап өтіледі

altaynews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
812

 Бүгін, 10 тамыз — қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы әрі қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні, деп жазады Мadeniportal.kz.

Абай Құнанбайұлы (1845–1904) — ақын, ағартушы, композитор, жазба қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушы, аудармашы және саяси қайраткер. Қазақстан халқы оның өлеңдері, поэмалары мен аудармаларымен ерте жастан танысады.

Абай өз шығармаларында терең ой мен көркем тілді шебер үйлестіріп, адамзатты еңбекке, білім алуға және рухани жетілуге үндеді. Оның гуманистік және ағартушылық идеялары бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

Ұлы ойшылдың қаламынан 170-ке жуық өлең мен поэма, әйгілі «Қара сөздер» және 56 аударма туындысы туған. Сол аудармалары арқылы қазақ оқырманы әлем әдебиетінің классиктерімен ана тілінде танысуға мүмкіндік алды.



 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...