Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам қанға боялған балтамен жүгірген (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
955

Әлеуметтік желілерде қолдары қанға боялған және балтаға ұқсас зат ұстаған ер адамның подъезде жүргені түсірілген видео тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға танысының пәтерінде, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде болған. Ер адамдар бірге ішімдік ішкен, содан кейін олардың бірі агрессивті мінез көрсетіп, қолына балта алған. Одан әрі ол подъезге шығып, әйнекті сындырған. Сынған әйнектің салдарынан ер адам кесілген жарақат алып, қолдары қанға боялған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, 31 жастағы құқық бұзушыны ұстады. Оған медициналық көмек көрсетілді. Үй тұрғындары зардап шеккен жоқ.

Ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік материалдар толтырылды. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...