Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан 3 бөлмелі үй табыс етілді, деп хабарла...
“Басына шығып алған”: Астанада қыздар жазушылардың ескерткішін қорлады (ВИДЕО)
коллаж: MadeniPortal.kz
1876
Әлеуметтік желіде Астана қаласындағы саябақтардың бірінде қыздардың ерсі қылықтары көзге түскен видео тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл видеоны Instagram желісінде астаналық белсенді тұрғын жариялаған. Бейнеден жас қыздың Бейімбет Майлиннің ескерткішінің басына шығып алып суретке түсіріп жатқанын байқауға болады.
"Қаламгерлер аллеясында демалып отыр едім. Кенеттен мынадай келеңсіз іске куәгер болдым. Ашу қысып қасына жетіп барып "бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме?" десем,көздері адырайып,Что,что деуден ары аспайды. Бұл басыну ма әлде надандық па", - деп жазды желі қолданушысы.
Басқа да желі қолданушылары видеоның астындағы пікірге наразылықтарын жазып жатты.