Астананың бас имамы қыздарынан айырылған отбасыға 13 миллион теңге жинап берді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3549

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиұлының айтуынша, бас имам Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қайғыдан қан жұтқан отбасыға жылу ретінде ақша жиналыпты. Мейірімді жандардың арқасында бір тәулікте жиналған ақша  13 миллион теңгені құрайды.

«Бұл ақша марқұмдардың отбасына табысталады. Осы сәттен бастап шотқа ақша жинау тоқтатылады. Егер марқұмдардың отбасына көмек бергілеріңіз келсе, олардың картасына аудара аласыздар», – дейді мешіт қызметкері.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 3 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімен жүздеген адам жиналды.

kaz.caravan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...