Құлсарыда жантүршігерлік жол апаты болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1488

2024 жылғы 7 шілде күні сағат 19:00 шамасында Құлсары қаласында қоғамдық көлік пен мопедтің соқтығысуы орын алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға салдарынан 2012 жылы туған кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, алайда алған жарақаттарынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тергеу жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

"Құрметті ата-аналар мен жол қозғалысына қатысушылар! Кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауының маңыздылығына назар аударуларыңызды сұраймыз. Мопед, скутер және өзге де көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – баланың өмірін сақтаудың басты кепілі. Кәмелетке толмағандарға арнайы қорғаныс құралдарынсыз және тиісті жүргізуші куәлігінсіз жолға шығуға қатаң түрде тыйым салынған. Жолдағы қауіпсіздік – бәрімізге ортақ жауапкершілік", – деп ескертеді полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бір топ жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады...

PESTEL

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында болған тікұшақ апаты салдарынан америкалық әнші әрі музыкант Ol...