Пәтерінен жазба табылды: Алматыда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел туралы тың дерек шықты

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
680

Алматыда 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды. Полиция оның тоғызыншы қабаттан құлағанын хабарлап, пәтерден тергеуге маңызды заттар, соның ішінде жазба табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 40 жастағы әйелдің қаза болу жағдайын анықтап жатыр. Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзі тұрған тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен.

"Тергеу-жедел тобы пәтерді қарау барысында тергеу үшін маңызы бар заттар мен мән-жайларды анықтады. Оның ішінде мазмұны зерттелетін жазба да табылды. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық көрінісін қалпына келтіріп, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін себептерді, марқұмның өмір салтын, араласқан адамдарын және өзге де мән-жайларды зерттеп жатыр", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...