"Атамекен" экс-басшысы мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
116

Сот Абылай Мырзахметовті биыл ақпан айында босатуға шешім шығарыпты. Себебі Мырзахметовтің төрт мақтау қағазы және екінші дәрежелі оң мінез-құлық жазбасы бар екен. Оның үстіне түрмеде тігін шеберханасын ашыпты. Енді ол жазасының өтелмеген бөлігі бойынша  пробациялық бақылауда болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Айта кетейік, Мырзахметов 30 миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған еді. Сотта кінәсі дәлелденіп, 5 жылға сотталды. Оның ісі бойынша мемлекетке 7 млрд теңге қайтарылған.

Мырзахметовтің 2023 жылдың 10 мамырынан бастап қамауда отырған уақыты  жазасына есептелді. Мырзахметов бес жылға сотталған. Қазір ол жазасының екі жыл тоғыз айын өтеген. Осыған байланысты сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы екі рет өтініш берген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде немересі Мәликаның сұрақтарына шынайы әрі әсерлі жауаптарымен, қарапайым мінезі ме...