«Атпен барған»: Жетісу облысында фельдшер жедел көмек көрсеткен

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1248

Фельдшер Жетісу облысы Ақсу ауданында жатқан медициналық көмекке мұқтаж адамға жергілікті тұрғынның атымен жетті, деп хабарлады Мadeniportal.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңбыр суы жолды шайып кеткендіктен жедел жәрдем діттеген жерге жете алмай қалды. Науқасқа асыққан дәрігерге ат мінген тұрғын көмекке келді. 

“Фельдшер медициналық жабдықтарын алып, ойланбастан атқа отырып науқасқа мүмкіндігінше тез жетуге асықты. Пациентті тасымалдау үшін басқа да шұғыл қызметтер іске қосылды. Бірігіп күш салғанның және жергілікті тұрғынның жанашырлығының арқасында әйел облыстық ауруханаға сәтті жеткізілді”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық жедел жәрдем станциясы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...