«Нүкеновпен байланысты үзгісі келген»: Танымал блогер Шерзаттың ісі жайлы тың ақпарат айтты

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
551

Танымал блогер Жан Ахмадиев Шерзаттың ісімен енді Мейірман Шекеев қолға алғанын жария етті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Блогердің сөзінше, Қаржаубайдың адвокаттардан бас тарту себебі Айтбек Нүкеновпен байланысты үзу болған.

«Соңғы жайтты естіген шығарсыздар. Шерзаттың отбасы адвокаттардан бас тартты деген. Шын мәнінде Шерзаттың әкесі Айтбекпен яғни Салтанат Нүкенованың ағасымен байланысын үзгісі келді. Көпшілік соны түсінбей жатыр. Сонымен қатар, енді Шерзаттың ісімен енді біздің елімізге елеулі адвокаттардың бірі Мейірман Шекеев мырзамен бірге Жандос Палманов ағамыз айналысады», - деді Жан Ахмадиев.

Ел ішінде "Халық заңгері" атанған адвокат Мейірман Шекеев істі өз қолына алған. 

«Қазіргі таңда Шерзаттың отбасы біздің компанияға сенімхат берді. Ары қарай біз жұмыс жасаймыз. Шерзаттың ісінде сотта мүдддесін қорғайтын боламыз. Сонымен қатар осы іске ынталы болып, көмегім тисе екен деген адвокаттар болса қатарымызға шақырамыз. Біз қазіргі таңда да Қаржаубайдың бұрынғы адвокаттарына кедергі келтірмейміз. Егер олар да қосымша жұмыс жасаймыз десе бірге жұмыс жасауға дайынбыз. Бірақ біздің іс материалдарын сұратқанымызға екі күн болды. Әлі ала алмай жатырмыз. Сондықтан шешімді ары қарай өзіміз қабылдай береміз», - деді Мейірман Шекеев.

MADENI TV

Қосылған құн салығын 16%-ға көтеру ұсынылды. Салық кодексі жобасы бүгін Мәжілісте талқыланды. Жиында...

PESTEL

Көпшілікке “Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы ретінде танылған блогер Камила Әділхан...